142

Қазақтың белгілі ақыны, әрі жазушысы Зейнолла Шүкіровтың туған күніне және өмірі мен шығармашылығына арналған «Өнегелі өмір» атты кеш болып өтті.

Кешке құрметті қонақ ретінде жазушының інісі Алпысбай Шүкіров және колледждің білім алушылары, оқытушылар, кітапханашылар қатысты.

Кеш барысында колледж білім алушылары жазушы шығармашылығы мен өмір жолына тоқтала келіп, Зейнолла ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Іс-шарада Алпысбай Әнәпияұлы қайсар қалам иесінің өмірі, творчествосы , шығармалары жөнінде тебірене әңгімелеп берді.

Қазақ ақындарының арасында Зейнолла Шүкіровтің өзіндік ерекше орны бар. Ол ақындық өнердің үлкен жолынан өткен. Сөйтіп, үлкен топқа тыңнан жол салып, өз сүрлеуімен қосылған ақын. Ол артына шығармашылық мол мұра қалдырумен қатар, нәзік лирикалы поэзиясын, асқақ романтиканы, ұзақ өpісті, эпиканы құшағына сыйғыза білген ақын.

Кеште білім алушылар ақынның сөзіне жазылған «Сыр сұлуы» әнін т.б әндерді орындады. Қатысушыларға ақын шығармашылығына арналған бейнебаян көрсетіліп, колледж кітапханашылары дайындаған «Сырдың қайсар қаламгері- Зейнолла Шүкіров» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Іс-шараның мақсаты – жастарды рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағыттау, сонымен қатар, ұлтымыздың ақын-жазушыларының әдебиеттерімен таныстыру және насихаттау.

Ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.Е.Махмутова.

143

144